Павлодар өрт сөндірушілері электробустардағы өртті сөндіруді үйренді
Кезекті тактикалық-өрт жаттығулары №1 автобус паркінің аумағында аяқталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бірнеше күн бойы қалалық өрт сөндіру бөлімшелері электромобильдер мен электробустардағы өрттермен күресу дағдыларын арттыруға бағытталған тереңдетілген оқу-жаттығулардан өтті.
– Қалалық автопаркке электр көлігін белсенді енгізу жағдайында аталмыш жаттығулар өрт сөндірушілерге электр көлігіндегі өртті сөндіру бойынша жағдайларға дайын болуды пысықтады, – деді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінде.
Оқыту бірнеше кезеңнен өтті. Бірінші күні өрт сөндіру бөлімшелерінің қызметкерлері электромобильдердің конструктивтік ерекшеліктерімен танысты, бұл қауіптің ықтимал көздері мен сөндірудің оңтайлы тактикасы туралы түсінік берді.
Келесі күні бағдарламаның теориялық бөлімі өтті: электр көлігіндегі өрттермен жұмыс істеу қауіпсіздігі мен тактикасының негізгі аспектілерін бейнелейтін бейнероликтер мен слайдтар көрсетілді.
Оқу-жаттығу «№1 автобус паркі» ЖШС аумағында тактикалық-өрт жаттығуларымен аяқталды, онда өрт сөндірушілер «жанып тұрған» электробус орналасқан тұрақ боксында шартты өртті сөндіру дағдыларын пысықтады.
Өрт сөндірушілер көліктің жаңа түрлерімен жедел жұмыс істеуге дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті. Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша қойылған мақсаттарға сәтті қол жеткізілді.