Павлодардағы бірнеше үй бір аптаға ыстық сусыз қалады
Жөндеу жұмыстары алдағы жылыту маусымына дайындық аясында жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, ТМ-5 және ТК-307/9 учаскелерінде жөндеу жұмыстарының басталуына байланысты бірқатар тұрғын үйде ыстық су беру уақытша тоқтатылады.
ТМ-5 учаскесі бойынша шектеу 17-20 маусым аралығында енгізіледі.
Ыстық су келесі мекенжайларда болмайды:
- Абай көшесі, 373;
- Бектұров көшесі, 350;
- Гагарин көшесі, 18, 20, 22, 24, 26, 30, 32, 34;
- Гоголь көшесі, 239;
- Ломов көшесі, 32, 34, 36, 39, 41, 43, 44, 46, 48, 50, 50/1, 52, 54, 58, 58/1, 60, 62, 135;
- Мәшһүр Жүсіп көшесі, 284, 284/1, 286, 288, 312, 381, 383, 383/1, 385, 385/1;
- Марғұлан көшесі, 343/1, 345/1, 356А;
- Нұркин көшесі, 70/1;
- Павел Васильев көшесі, 9;
- Сәтбаев көшесі, 273, 336;
- Шөкин көшесі, 29/1, 31, 87, 87/1, 87/2.
ТК-307/9 учаскесіндегі жұмыстар 17-25 маусым аралығында жалғасады.
Бұл кезеңде Павлов көшесі, 44 және Назарбаев даңғылы, 35 мекенжайларында ыстық су уақытша өшіріледі.
Тұрғындарға уақытша қолайсыздықтарды ескеріп, қажетті су қорын алдын ала дайындап қою ұсынылды.