Павлодардағы Мемлекеттік рәміздер алаңы мен жағалау қайта жаңғыртылуда
Бүгінде мұнда жұмыс қарқынды жүруде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы шаһар басшысы Хасар Хабылбеков мәлімдеді.
- Жұмыс сапары аясында қазіргі уақытта жөндеуден өткізіліп жатқан бірқатар нысандарды аралап, жұмыс барысын тексердім.Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Мемлекеттік рәміздер алаңындағы колоннада қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Қазіргі таңда демонтаж жұмыстары жүргізілуде, - деді ол.
Қала әкімінің айтуынша, жоба аясында арканың жоғарғы бөлігі толықтай ауыстырылып, сондай-ақ жаңбыр және еріген қар суларынан қорғайтын жүйе қарастырылған. Бұл оның қызмет ету мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді. Жұмыстарды ағымдағы жылдың маусым айына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, жағалаудағы баспалдақтың негізін жөндеу жұмыстары да қатар жүргізілуде. Бұл ретте, қолданыстағы гранит сақталатынын атап өткен жөн.
Қала әкімі жауапты қызметкерлерге жағалаудағы барлық жөндеу жұмыстарын Ertis Promenade маусымы ашылғанға дейін аяқтауды тапсырды.