Павлодарда Құрбан шалатын орындар тексерілді
Биылғы Құрбан шалу рәсімі әдеттегідей оффлайн және онлайн форматта өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Құрбан айт мерекесі қарсаңында Павлодар қаласының әкімі, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы және тиісті мамандар Құрбан шалу, оны бөлу, ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ «Құлагер» ипподромында Құрбан айтқа дайындық пысықталды.
– Қала әкімдігінің мүмкіндіктер жасауы нәтижесінде биылғы Құрбан айт жоспарымызға сай қалыпты деңгейде өтетініне сенемін. Қала әкімі Ержан Иманзайыпов Құрбан шалатын орындардың дайындығын арнайы тексеріп, жауапты адамдарға тиісті тапсырмалар берді, – дейді облыстың бас имамы Жолдас Қоспақұлы.
Оффлайн форматта адамдар Құрбан шалатын жерге барып, мал сатып алады. Мешіт молдалары діни рәсімдерді атқарып береді.
Ал онлайн Құбан шалу - адамдардан тапсырыстар қабылдап алып, дін қызметшілерінің діни рәсімдерді орындауы. Құрбан еттері халыққа және мешіт, медрсеселерге тәртіпке сай бөлініп беріледі.
Естеріңізге сала кетейік, үш күндік Құрбан айт мейрамы 28 маусымда басталады.