«Астана – Павлодар» электр пойызының жүру кестесі өзгерді

«Астана – Павлодар» электр пойызының жүру кестесі өзгерді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл тұрғындардың қоғамдық көлікке үлгеруі үшін жасалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ №7502/7501 «Астана – Павлодар» электр пойызы қозғалыс кестесін жаңартқанын хабарлайды. Бұл өзгеріс жолаушылардың жайлы қатынауын қамтамасыз етіп, пойыздан кейін түнгі сағат 00:00-ге дейін жүретін қалалық көлікке үлгеруге мүмкіндік беру үшін енгізілді.

Енді электр пойыз Астанадан сағат 16:20-да жүріп, Павлодарға сағат 22:59-да жетеді. Бұған дейін электр пойыз Павлодардан 09:45-те шықса, қызір сағат 08:05-те шығып, Астанаға сағат 15:15-те келеді.

Пойыз құрамында алты вагон бар және ол күн сайын жүреді. Жолаушыларға бір, екі және үшінші санатты вагон қызметін таңдауға мүмкіндік беріледі. Вагондарда кондиционерлер, ауа тазарту жүйесі, биодәретханалар, жайлы орындықтар және Vputi.kz медиапорталына қосылуға мүмкіндік беретін тегін Wi-Fi желісімен жабдықталған.

Қала маңы пойыздарына билеттерді жолға шығатын күннен он тәулік бұрын сатып алуға болады. Билеттерді комиссиясыз https://bilet.railways.kz сайтынан немесе теміржол вокзалдарындағы «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан алуға болады.