Павлодарда қандай білім беру нысандарын күрделі жөндеу күтіп тұр?

Павлодарда қандай білім беру нысандарын күрделі жөндеу күтіп тұр?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Хасар Хабылбеков қаланың мектепке дейінгі мекемелері мен мектептерінде жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселелері бойынша жиын өткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыс әкімі Асайын Байханов мектептер мен балабақшалардың жай-күйіне, сондай-ақ жөндеу жұмыстарының сапалы әрі уақытылы орындалуына ерекше көңіл бөледі. 

– Ағымдағы жылы Павлодар қаласында білім беру саласындағы 11 нысанды күрделі жөндеуден өткізу бойынша 15 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Атап айтқанда, Әлімбаев атындағы ЖОББМ, №24, №29, №41 мектептер және №11, 25, 38, 79, 112, 116, 53 бөбекжай-балабақшалары, – деп атап өтті қала әкімі Хасар Хабылбеков.

Жобалар шеңберінде №24 және №41 мектептерде жылу жүйесін жаңарту, №29 мектепте электрмен жабдықтау, сумен қамту, кәріз жүйелері мен ішкі кабинеттерді жөндеу, №41 мектепте электр жабдықтары мен жарықтандыруды жаңғырту, сондай-ақ Әлімбаев атындағы мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу көзделген. №11, 25, 38, 79, 112 және 116 балабақшаларында терезелерді ауыстыру, ал №53 бөбекжай-балабақшасында шатыр мен терезелерді жөндеу жоспарланып отыр.

Шаһар басшысы жөндеу жұмыстарының нақты мерзімдерін айқындауды, жөндеу кезеңінде жекелеген мектептерді екі ауысымдық оқу режиміне көшіру мәселесін пысықтауды, сондай-ақ жөндеу жүргізілетін мектепке дейінгі ұйымдардағы балаларды өзге балабақшалардан орынмен қамтамасыз етуді тапсырды.