Павлодарда қайда жарық болмайды

Қосалқы станцияларда жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 9 қазан күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша электр қуаты сөндіріледі:
- М. Горький көшесі, 35;
- Қ. Нұркин көшесі, 68 («Makdi» кондитерлік өнімдер дүкені, «Шапағат» әлеуметтік дүкені), 70 («Низкоцен», «Даяна» азық-түлік дүкендері), 70/1, 72 («Arsenal.kz» тігін цехі, «Wildberries» тауар беру пункті, «Auroom» хостелі), 72/1;
- Ак. Шөкин көшесі, 97 («Рауан» ерте дамыту орталығы), 97/2;
- Б. Жырау көшесі, 351 («Саланг» дүкені), 353, 355.
Сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін:
- Астана көшесі, 139, 141, 143 (баспа үйі);
- Ак. Сәтбаев көшесі, 158 (облыстық қазынашылық департаменті), 160, 162 (облыстық еврей қауымы);
- М. Исиналиев көшесі, 12;
- Естай көшесі, 25.