Павлодарда соғыс жылдары ел басына түскен трагедия көрсетіледі

Павлодарда соғыс жылдары ел басына түскен трагедия көрсетіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Авторы – Шыңғыс Айтматов, қоюшы режиссер – Ерсайын Тәпенов, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

12 маусым күні сағат 15:00-де Ж.Аймауытов атындағы облыстық қазақ-музыка драма театрының танымал актрисасы, ҚР еңбек сіңірген әртісі Рауза Тәжібаева 70 жасқа толып отыр. Осынау мерейтойға орай актриса басты рөлді сомдайтын «Ана – Жер – Ана» трагедиясы ұсынылады. 

Қойылым жалпы көрерменге таныс, соғыс жылдары ел басына түскен нәубетті шынайы бейнелейді. Бір ғана Толғанай образы арқылы сол тұстағы жалпақ жұрттың өмірі көрсетіледі. 

Рауза Ілиясқызы 1990 жылы жаңа құрылып жатқан Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрына арнайы шақырумен келіп, өнер ордасының ашылуына қомақты үлес қосты.

Билеттерді кассадан, тикетон сайтынан немесе +7 (777) 919 3124 байланыс нөмірі арқылы алуға болады.