Павлодарда қайда жарық болмайды
Қосалқы станцияларда жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 15 мамыр күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжайларда электр қуаты сөндіріледі:
- Мәскеу көшесі, 12/1, 16, 18;
- Қамзин көшесі, 1, 1/1, 1/2, 3, 4/1, 5;
- С. Нұрмағамбетов көшесі, 22, 26;
- Мәскеу – С. Нұрмағамбетов – Ленинградская – Я. Геринг көшелері алаңындағы тұрғын үйлер.
9:00-ден 13:00-ге дейін:
- 1-ші өтпе жолы, 7/3, 9, 13, 23/1;
- Батурин көшесі, 1/1;
- Ледовский көшесі, 39/1;
- 1-ші, 2-ші, 3-ші, 4-ші, 5-ші, 6-шы өтпе жолдары мен Ермаков көшелері бойындағы тұрғын үйлер.