Павлодарда үш автокөлік соқтығысты

Павлодарда үш автокөлік соқтығысты
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Полиция жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау туралы ескертеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 15.50-де Торайғыров - Ак.Бектұров көшелерінің қиылысында Nissan автокөліктің жүргізушісі бағдаршамның тыйым салу сигналын елемей, үш көлікпен: Тойота Estima, Lexus және Hyundai  автокөліктерімен соқтығысқан. 

– Салдарынан Nissan автокөлігі мен Тойота Estima көлігінің жүргізушісі, Hyundai көлігінің 46 жастағы жолаушысы да жарақат алып, Павлодар қаласындағы ауруханаға жатқызылды, – деді департаментте.  

Естеріңізге сала кетейік, Павлодар – Қызылорда автожолының 140 шақырымында BMW маркалы автокөліктің 40 жастағы жүргізушісі көлікті басқара алмай, металл тиегішке соғылып, кюветке аударылды.