Павлодарда үш күн іздестірілген жігітті балықшы тауып алды
Ол еріктілерге телефон шалып, жоғалған жігіт табылды ма екенін сұраған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Vita еріктілер ұйымының мәліметінше, ер адам балыққа барған кезде бір дауысты естігенін, алайда артынан басылып қалғанын айтқан. Ал келесі күні ұмытып кеткен заттарын алып кету үшін келген соң кешегі дауыс бәлкім естілген сияқты болған шығар деген оймен дыбыстай бастаған. Сол сәтте қолын бұлғап, «Көмектесіңдер!» деп, анасын шақырған жігітті көрген, алайда ол қайтадан жоқ болып кеткен.
– Көмекке шақырған Вася болып шықты. Жалаңаш, тоңып қалған, бірақ тірі. Ер адам дереу бізге хабарласып, құтқарушыларды шақырды, дегенмен олар екі сағаттай бармаған. Сондай-ақ жанындағы саңырауқұлақ терген адамдар да қоңырау шала бастаған. Біз бірден ол кетіп қалған мекеменің қызметкерлеріне хабарластық, геолокациясын жібердік, – дейді еріктілер.
Іздеушілер ұйымында Александр есімді ер адам мен саңырауқұлақ жинаған адамдарға немқұрайлық танытпай, жоғалған адамды табуға көмек көрсеткені үшін алғыс білдіреді.
Еске сала кетейік, мүмкіндігі шектеулі, сөйлеу және есту қабілеті бұзылған Василий Кульчевский 29 қыркүйекте Мичурин ауылында жоғалып кеткен.