Павлодарда үш көшедегі үйлер 12 сағат сусыз қалады

Павлодарда үш көшедегі үйлер 12 сағат сусыз қалады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Тұрғындарға қажетті су қорын алдын ала жинап қою ұсынылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Павлодар-Водоканал» ЖШС мәліметінше, 1 қазанда Геринг және Российская көшелерінің қиылысында жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Мамандар жапқыш арматураны және су құбырының апатты учаскесін ауыстырады.

Осыған байланысты сағат 9:00-ден 21:00-ге дейін келесі мекенжайларда су беру тоқтатылады:

  • Российская көшесі: 2, 4, 5, 6, 8, 8/1, 8/2, 8/2А, 10;
  • Украинская көшесі: 38, 38А, 38Б, 38В;
  • Ермак көшесі: 11, 11/2, 13, 13/1, 15.

Кәсіпорын тұрғындардан жөндеу басталғанға дейін су қорын дайындауды сұрады. Жұмыстар сумен қамту жүйесін жақсарту үшін жүргізіледі.