Павлодарда әлеуметтік жұмыс орнында қанша жалақы төленеді?

Павлодарда әлеуметтік жұмыс орнында қанша жалақы төленеді?
Фото: Константин Шелков

Жоба қатысушыларына белгіленген жалақы мөлшерінің 35% төленеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Әлеуметтік жұмыс орны – жұмыс беруші мансап орталығымен шарт жасасып, еңбекақысын субсидиялаумен жұмыссыздарды жұмысқа орналыстыру үшін ашатын орын. Оған 16 жастан бастап зейнеткерлік жасқа толғанға дейінгі жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар қатыса алады. 

– Жоба қатысушыларына жұмыссыздар үшін – белгіленген жалақы мөлшерінің 35%, бірақ 24 айлық есептік көрсеткіштен артық емес беріледі, – деп жазылған хабарламада. 

Сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдар құрған әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан мүгедектігі бар адамдар үшін –белгіленген жалақы мөлшерінің 70%, бірақ 24 айлық есептік көрсеткіштен артық емес төленеді. Жалақыны субсидиялау мерзімі 12 айдан аспайды.

Толық ақпарат алу үшін 21-54-72 нөмірі арқылы мансап орталығына хабарласуға болады.