Павлодарда әйел велосипед теуіп жатып, көз жұмды

Павлодарда әйел велосипед теуіп жатып, көз жұмды
Фото: pixabay.com

Полиция тексеру жүргізуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі

7 шілдеге қараған түні орталық жағалауда үш баласы бар әйел анасымен бірге төрт доңғалақты велосипедпен келе жатқан. Төмен түсу кезінде олар темір қоршауға соқтығысқан.

Жедел жәрдем станциясына қоңырау сағат 23:08-де түсті, ал оқиға орнына жету үшін алты минут кетті.

- Өкінішке орай, оқиға орнында дәрігерлер өмірге сәйкес келмейтін дене жарақатын алған 69 жастағы әйелдің қайтыс болғанын растады. Облыстық балалар ауруханасына 2010, 2015 және 2018 жылы туған үш қыз жеткізілді. Тағы бір жәбірленуші – 39 жастағы әйел Павлодар қалалық №1 ауруханасына жатқызылды, - деді ведомствода.

Павлодар тұрғынының өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы бойынша полицейлер тексеру жүргізіп жатыр.