Павлодарда әйелдер жамағаты Рамазан айы бойы Құран хатымға қатыса алады

Құран хатым бірінші наурыздан он бесінші наурызға дейін жалғасады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Мәшһүр Жүсіп мешітінің конференция залында сағат 10:30-да күнделікті әйел ұстаздар Құран хатым оқуда. Құранның 30 парасын оқып болған соң, хатым дұғасы жасалатын болады.
– Бұл туралы Әбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен хадисте айтылған: «Кімде-кім Алла Тағала кітабынан бір аятты тыңдайтын болса, оған еселеп сауап жазылады. Ал кімде-кім Алла кітабынан бір аятты тиләуат ететін болса, оған (сол аят) қиямет күні бір нұр болады». Демек, қасиетті айда Құран Кәрімге құлақ салып, тыңдау – сауапты амал. Келіп тыңдап, сауабын алсаңыздар болады, – дейді діни ұстаз Ақерке Тұрғынбай.
«Құран кәрімді хатым еткен адамның қабыл болған бір дұға ақысынан бөлек, жаннатта бір ағаш та беріледі». (Хатиб)
Құранның соңғы бөлігін аяқтап жатқанда ішінде болып, хатым-дұғаға қатысу – Алла Тағалаға жақындаудың және де дұғасы қабыл болып, күнәсі жарылқанатын жандардың қатарында болудың керемет мүмкіншілігі.
Айта кетейік, қасиетті айда Мәшһүр Жүсіп мешітінде 30 күн бойы 100 адамға дастархан жайылып, ауызашар беріледі.