Екібастұз ЖЭО-да екі қазандық жөнделді
Монтаждау бойынша негізгі жұмыстар орындалып, бүгінде гидравликалық сынақтар мен жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Экибастузтеплоэнерго» ЖШС мәліметінше, келесі жылыту маусымына дайындық аясында станцияда барлық қазандық агрегаттарын жөндеу жоспарланған. Атап айтқанда № 6, 7, 8, 11, 12, 13, 14, 15 нөмірлі сегіз қазандық агрегатына күрделі жөндеу жүргізу және № 5, 9 екі қазандықта ағымдағы жөндеу жүргізілетін болады. Оның ішіндегі жетінші және тоғызыншы қазандық агрегаттарында жөндеу жұмыстары аяқталды.
– Екібастұз ЖЭО жетінші қазандықты күрделі жөндеуі барысында қыздыру беттері, иірмекті қожды кетіргіштер, үрлеу желдеткіші, редукторлар, тамшытұтқы мен эмульгатор құйындағыштары, диірмен роторлары толығымен ауыстырылды. Қазандықтың оқшаулауы мен қаптамасы, газ құбырлары, ауа өткізгіштер және тағы басқа жабдықтар қалпына келтірілді,–деп хабарлайды «Экибастузтеплоэнерго» ЖШС баспасөз қызметінде. – Бұдан кейін қазандық агрегаты резервке қойылады.
Ал №9 агрегатын ағымдағы жөндеу кезінде оттық қаптауы, қаптама қалпына келтіріліп, газ жолының қуыстығы жойылды, үрлеу желдеткіші жөнделіп, диірмендер тексерілген болатын.
Мердігерлік ұйымдар қалған қазандықтар бойынша жөндеуге кірісті. Жылыту маусымы басталғанға дейін жалпы станциялық жылыту, өрт сөндіру құбырларын, мазут құбырларын, бу құбырларын ішінара ауыстыру жоспарлануда.
Бүгінгі күні жөндеу жұмыстары жоспарланған кестеге сәйкес мерзімде жүргізілуде. Сондай-ақ жұмысшылар үшін жаңа орталықтандырылған душ бөлмелерін салу жобасын әзірлеу, энергетикалық қазандық агрегаттарының жүктемесін қалыпқа келтіру үшін жаңа желілік су жылытқыштарын сатып алу, станция қызметкерлерінің жұмысын жеңілдету үшін жаңа бульдозер мен шағын тиегіш сатып алу жоспарланған.
Бұл жұмыстар қолайлы әрі қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, жабдықтардың жұмысын барынша сенімді, тиімді етіп, қала тұрғындарын жылумен жабдықтау сапасын жақсартады.
Фото: Константин Шелков