Павлодарда 100 аулаға асфальт төселеді
Бұл мақсатта арнайы қаржы бөлінді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбековтің мәлімдеуінше, облыс орталығындағы тұрғын үйлердің ауласының аумақтарын асфальттау жұмыстары қарқын алды. Биыл аймақ басшысы Асайын Байхановтың қолдауымен 100 ауланы асфальттауға қаржы бөлінген.
– Қазіргі таңда Торайғыров көшесіндегі №89, 91, 93-үйлердің аулаларында жұмыс қарқынды жүргізілуде. Жалпы, бүгінде 12 аулада асфальт төселіп жатыр, оның ішінде 4 аулада жұмыстар толық аяқталды, - деді ол.
Шаһар басшысы қалалық қызметтерге 100 аула бойынша жоспардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.