Екібастұзда жылыту маусымына дайындық қарқынды жүруде

Екібастұзда жылыту маусымына дайындық қарқынды жүруде
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Облыс әкімі Асайын Байханов жөндеу жұмыстарының барысын тексеру мақсатында ЖЭО-да және жылу магистральдарының учаскелерінде болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бүгінде тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды жылу қабылдауға дайындау жұмыстарының қарқыны жақсы, басым бөлігі аяқталу сатысында.

– Екібастұз ЖЭО-дағы екі энергетикалық қазандықта жұмыстар аяқталды. 20 қыркүйекке дейін тағы үш қазандықты жөндеу  аяқталады. № 11 және № 15 екі су жылыту қазандығындағы жөндеу жұмыстарының 60%-дан астамы орындалды. Осылайша, жылу беру маусымының басына қарай бес қазандық дайын болады. Бұл қазандықтар 30-32 градустан төмен температурада жұмыс істеуге жеткілікті, – деп жазды Асайын Байханов Іnstagram парақшасында. 

Жылумен жабдықтау желілері бойынша төрт жылу магистралінде жұмыстар жалғасуда. Жаңа желілерді төсеу, жуу және толтыру бойынша жұмыстарды 22 қыркүйекке дейін аяқтау көзделіп отыр.

Гидравликалық сынақтардың қорытындысы бойынша анықталған 119 ақаудың 96-сы жойылды. Қалған 23-ін жөндеуді 20 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарлануда.

Аймақ басшысы қала әкімдігіне алдағы жылу беру кезеңінің дайындық жұмыстарына тартылған мердігерлер мен жылу желілерінің қызметін қатаң әрі күнделікті бақылауға алуды тапсырды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Assain Baikhanov (@asaiyn.baikhan)