Екібастұзда заңсыз вейп сатқан жігіт қолға түсті

Екібастұзда заңсыз вейп сатқан жігіт қолға түсті
Фото: Павлодар облыстық ПД

Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары Б.Момышұлы көшесінде орналасқан тұрғын емес үй-жайда 22 млн теңге сомасына үш мыңнан астам электрондық темекі мен ноутбук тауып алып, тәркілеген.

Заңсыз тауардың бұл партиясы сатуға арналған. Күдікті интернет-дүкен арқылы танымал мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі арналарды қолдана отырып, вейптарды жүзеге асырды. 

Заңсыз электрондық темекіні сату және тарату күдігі бойынша полицияға 28 жастағы кәсіпкер жеткізілді. Темекі шекпейтін темекі бұйымдарының, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деді департаментте.

Полицейлер «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында заңсыз электрондық вейптерді сатудың жолын кескен.

Еске сала кетейік, 2024 жылғы 20 маусымда Қазақстанда никотинді (вейптерді), сондай-ақ олар үшін сұйықтықтарды тұтынудың электрондық жүйелерінің айналымына тыйым салатын заң күшіне енді.