Павлодар облысының әкімі Баянауыл ауданының халқымен жүздеседі
Тұрғындар өздерін толғандыратын сұрақты қоя алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
10 желтоқсан күні сағат 12:00-де Баянауыл ауылының мәдениет үйінде Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың Баянауыл ауданының тұрғындарымен тұрақты кездесуі өтеді. Ол ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес ұйымдастырылады.
Кездесу облыс әкімдігінің Instagram әлеуметтік желісіндегі @pavlodar_region ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетіледі.
Ескерту: эфир кезінде пікір жазу функциясы спикерлердің сөз сөйлеуі кезінде өшіріліп, сұрақ-жауап сессиясы кезінде қосылатын болады.