Павлодарда Спорт сити шағынауданына дейін жаңа автобус бағыты ашылды

Қалалық әкімдік спорттық секцияларға баратын балалардың ата-аналарының өтінішіне құлақ асып, жаңа бағытты іске қосты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұған дейін №52 автобус сынақ режимінде №1 автожолынан сауда және Космонавтар көшелері арқылы Спорт сити шағынауданына бұрылып жүрген. Бұл өзгеріс Радиозавод аумағындағы қозғалыс сызбасына да әсер етті. Алайда, сол маңдағы тұрғындар үшін балама ретінде №18 автобус бар.
30 маусымнан бастап №52 бағыты екі нұсқада жүреді:
- 1. №52 автобус – бұрынғы бағытымен, яғни №1 автожолы арқылы «Автокомплекс» аялдамасына дейін;
- 2. №52А автобус – №52 бағыты бойынша жүреді, бірақ қосымша Спорт сити шағынауданындағы Сауда және Космонавтар көшелеріне бұрылады.
Әр бағытта төрт автобустан қызмет көрсетілетін болады.