Павлодарда 25 қазанда ХҚКО-лар жұмыс істемейді

Павлодарда 25 қазанда ХҚКО-лар жұмыс істемейді
Фото: 109 орталығынан

Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары 26 қазанда өз жұмыстарын қайта бастайтын болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Мемлекеттік корпорация Республика күнін мерекелеуге байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған орталықтар сәрсенбі күні азаматтарды қабылдамайтынын мәлімдеді

Естеріңізге сала кетейік, ХҚКО әдеттегі кесте бойынша жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін азаматтарды қабылдайды. Кезекші орталықтар жұмыс күндері сағат 20:00-ге дейін, сенбі күндері 13:00-ге дейін жұмыс істейді.