Павлодарда 3 сәуірде бірнеше үйде су уақытша өшіріледі
Жөндеу жұмыстарына байланысты тұрғындарға су жинап алуға кеңес берілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодар-Водоканал» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 сәуір күні Айманов көшесі, 13 мекенжайында орналасқан су құбырына жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Осыған байланысты сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжайларда су уақытша тоқтатылады:
- Айманов көшесі, 12, 13 (№4 балабақша), 19, 20, 21, 37 (№35 ЖОББМ), 47/1.
Коммуналдық қызмет өкілдері уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, бұл жұмыстардың сумен жабдықтау сапасын жақсартуға бағытталғанын атап өтті. Тұрғындарға алдын ала су жинап алу ұсынылады.