Павлодарда 5 маусымға дейін жылу желілерінде анықталған ақауларды жою көзделіп отыр
«Grappa Stroy» ЖШС мердігерлік ұйымы Оңтүстік желілік ауданда гидравликалық сынақтардан кейін анықталған ақауларды жою бойынша жұмыстарды бастады, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
– Қазіргі күні ЖЭО-1 қосылған Оңтүстік желілік ауданда 142 ақау орын алды. Оның ішінде 43-і магистральдік жылу желілерінде тіркелді. Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың тапсырмасы бойынша 5 маусымға дейін анықталған ақауларды жойып, қала тұрғындарын ыстық сумен қамтамасыз етуіміз қажет, – деп жазды Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманзайыпов Іnstagram әлеуметтік парақшасында.
Қала әкімінің айтуынша, қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатқан 51 көпқабатты тұрғын үй бар төрт учаскені қоспағанда, бұл жұмыстар 25 тамызға дейін жалғасады.
Қала әкімі Бекхожин 3, Майра 47/1, Ткачев 3, 5 мекенжайларындағы жөндеу жұмыстарының барысын тексерді. Жауапты мамандар өз кезегінде магистральдік желілерді жөндеу бойынша барлық жұмыстарды жүргізуге міндетті екенін еске салды.
Сондай-ақ тұрғын үй инспекциясы бөлімі мен «Павлодар жылу желілері» ЖШС көпқабатты тұрғын үйлерге ыстық суды қосу мерзімдері туралы ақпаратты жариялауға, ал, ТҮКШ бөліміне қазылған, оның ішінде бұзылған балалар алаңдарын ретке келтіруді тапсырды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram