Павлодарда 7 қазанда бірқатар нысан сегіз сағатқа жарықсыз қалады

Павлодарда 7 қазанда бірқатар нысан сегіз сағатқа жарықсыз қалады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жоспарлы жөндеу жұмыстары Мұхтар Жүсіп және Ағайынды Дүйсенбиновтар көшелеріндегі нысандарды қамтиды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ мәліметінше, сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін Мұхтар Жүсіп көшесі, 288 және 288/1 мекенжайларында электр энергиясы уақытша өшіріледі.

Сағат 14:00-ден 16:00-ге дейін Ағайынды Дүйсенбиновтар көшесіндегі 1, 1/1, 1/6, 1/9, 2, 2/3 және 7 мекенжайларында электр энергиясы болмайды.