Павлодарда ақпараттық-түсіндіру науқанының бағыты белгіленді
Мәслихат депутаттары облыстық штаб коалициясының кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласында барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының басын біріктірген жиын іскерлік әрі сындарлы форматта өтіп. Халық қалаулылары алдағы апталарға арналған референдум аясында іске асатын жұмыстардың негізгі бағытын айқындады.
- Басты басымдық ретінде өңір тұрғындарын барынша қамтуды көздейтін ауқымды ақпараттық-түсіндіру науқаны белгіленді. Мұнда жаңартылған Конституция ең алдымен адамға, оның құқықтарына, қауіпсіздігіне және әлеуметтік кепілдіктеріне бағытталғанын әрбір тұрғынға жеткізу – негізгі мақсат, - делінген хабарламада.
Отырысқа қатысушылар Негізгі заң нормаларын қарапайым әрі түсінікті тілмен түсіндіру маңызды екенін атап өтті. Әрі ел тұрғындары Конституция өзіне қандай нақты мүмкіндіктер мен қорғану тетіктерін беретінін айқын түсінуі тиістігін де тілге тиек етті.
Бүгінде аймақта жұмыс қарқынды түрде жалғасуда. Жауапкершілік деңгейі жоғары, ал басты нәтиже халық үшін нақты әрі сезілетін оң өзгерістер болуы керек.
Посмотреть эту публикацию в Instagram