Павлодарда алты үй әлі де жылусыз отыр

Павлодарда алты үй әлі де жылусыз отыр
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қала әкіміне тұрғындардан батареялары сәл ғана жылы екеніне шағымдар түсіп жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыс орталығында 18 қыркүйектен бастап әлеуметтік нысандарда, ал 25 қыркүйекте көпқабатты тұрғын үйлерде жылу беріле бастады. Бүгінгі таңда 1277 көп қабатты тұрғын үйден алты мекенжай бойынша жылу қосылмаған. Бұл туралы қала әкімі Хасар Хабылбеков өзінің инстаграм парақшасында жариялады

– Алты үйде қызмет көрсететін ұйымдармен ішкі желілерде жұмыстар жүргізіліп жатқандықтан жылу берілмеген. Тұрғындардан пәтерлеріндегі жылу жетіспеушілігі туралы өтініштер түсіп жатыр. Батареялардың сәл ғана жылы екенін жазуда, – деп жазды қала әкімі. 

Бүгінде Гагарин көшесі, 30, Қамзин көшесі, 94, Айманов көшесі, 47/1, Ак. Сәтбаев көшесі, 59, Торайғыров көшесі, 72, Лермонтов көшесі, 118 мекенжайлар бойынша жылу жоқ. 

– Пәтер иелері мен қызмет көрсетуші ұйымдар ішкі жылу жүйесінде реттеу жұмыстарын жүргізуі тиіс. Іске қосу-реттеу жұмыстары аяқталғаннан кейін үйлердегі температура қалыпқа келеді, – деп түсіндірді Хасар Хабылбеков.

Оның сөзінше, 15 қазанға дейін бүкіл қала жылумен қамтамасыз етіледі.

Хасар Хабылбеков қала тұрғындарын түсіністікпен қарауды сұрап, жылумен қамту мәселесі ерекше бақылауында екенін жеткізді.