Павлодарда ана төрт баласына алимент төлеуден жалтарып жүрген

Бала тәрбиесіне немқұрайлы қараған ана оларға бір миллион теңге қарыз болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Көші-қон қызметінің қызметкерлері алимент төлемегені, борышкерлер және туыстарымен байланысын жоғалтқаны үшін іздеуде жүрген адамдардың орналасқан жерін анықтау бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде.
– Алимент төлемейтін ер адамдар ғана емес, балаларының тағдырына қызықпайтын немқұрайлы аналар да бар. Мәселен, полицейлер осы жылдың сәуір айынан бастап өзінің төрт кәмелетке толмаған баласын тәрбиелеуге және күтіп-бағуға алимент төлеуден жалтарған Павлодар қаласының тұрғынының іздеуде жүрген жерін анықтады. Үш айда оның бір миллион теңгеден астам берешегі бар, – деді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінде.
Жыл басынан бері облыс аумағында 179 борышкер іздестіру жарияланды, оның ішінде 92-ін полиция қызметкерлері тауып, сот шешімін одан әрі орындау үшін жеке сот орындаушыларына тапсырды.
Естеріңізге сала кетейік, балаларға қамқорлық жасау және отбасы алдындағы қаржылық міндеттемелерді орындау – бұл заңды талап қана емес, сонымен қатар әрбір ата-ананың моральдық міндеті.
Балаларды немесе еңбекке жарамсыз ата-аналарды асырауға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді үш айдан астам мерзім ішінде орындамағаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделген.