Павлодарда антитеррористік оқу-жаттығу өтуде
Шара терроризм актілерінің алдын алуға және оның салдарын жоюға бағытталған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жоспарлы антитеррористік оқу-жаттығу 2023 жылы 22 тамыз күні сағат 16.00-ден бастап сағат 18.00-ге дейін М.Жүсіп, Абай, Кривенко, Бекмаханов көшелерінің қиылысы, «Достық үй» КММ аумағында өтеді.
Терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел штаб іс-шараның жоспарлы сипатқа ие екенін және күрделіліктің түрлі элементтерімен жауынгерлік жағдайға барынша жақындатылған оқу-жаттығу болып табылатынын хабарлайды.
– Іс-шараның мақсаты – терроризмге қарсы күрес жөніндегі Павлодар жедел штабы күштері мен құралдарының өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға дайындығын тексеру. Облыс орталығы қонақтары және тұрғындарынан автокөліктердің қозғалысындағы уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды, сабырлық сақтауды және тек ресми ақпаратты ғана басшылыққа алуды сұраймыз, – деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетейік, біле тұра жалған ақпарат тарату ҚР ҚК 274-бабымен көзделген қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.