Павлодарлықтар шетелдік саяхатшыларға көмек қолын созды

Павлодарлықтар шетелдік саяхатшыларға көмек қолын созды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Кезекші қызметтер тәулік бойы жұмыс істеуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Таңғы сағат алтыда Шарбақты ауылынан он шақырым жерде, Ресей Федерациясына бағыт алған екі жеңіл көлік қарлы боранға тап болды. Екі көлік жол жиегіне шығып, қарға батып қалған. Жүргізушілердің бірі Шарбақты ауданының ТЖ қызметіне хабарласып, Шарбақты аудандық ТЖБ мамандары мен №7 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері оқиға орнына дереу жетіп, көліктерді қардан аршып, Шарбақты ауылына сүйреп апарды.

Ресей Федерациясынан Қазақстанға бағыт алған екі автобус, бірі Барнауылдан, екіншісі Томскіден шыққан, сондай-ақ басқа да көліктер Шарбақты ауылында тоқтатылды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты Шарбақты – Павлодар тас жолы 21 қаңтардың кешінен бастап жабылған болатын. Түнгі сағат үштен бастап автобустар ауылда аялдады. Барлық кезекші қызметтер – құтқарушылар, полиция және жергілікті атқарушы органдар дереу әрекет етіп, жолаушыларды жылыту пунктіне апаруды ұсынды. Адамдар бұл ұсыныстан бас тартты, бірақ таңғы жетіде оларға таңғы ас жеткізіліп берілді. Түсте жолаушыларға «Тамаша» дәмханасында тегін ыстық әрі дәмді түскі ас ұйымдастырылды.

– Мұндай күтпеген жағдайлар адамдарды жақындастырады. Жолаушылар жергілікті атқарушы органдардың қамқорлықтары үшін үлкен алғыстарын білдірді, – дейді құтқарушылар.

Барнауылдан Павлодарға бағыт алған автобуста 15 жолаушы, ал Томскіден келген автобуста 16 жолаушы болған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от PN Pavlodar (@pavlodarnews.kz)