Павлодарлық ақын туған жерге деген сүйіспеншілігін өлеңмен жеткізді
Людмила Асееваның 85 жасқа толуына орай «Живое слово – ключ небес» атты жинағы жарық көрді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл кітаптың авторы – «Буковина» румын-молдава мәдени қоғамдығының белсендісі. Людмила Асеева – еңбек ардагері, Қазақстан Республикасы мәдениет ісінің үздігі. 1985 жылы облыстық оқушылар сарайының базасында «Деды ветераны – внуки следопыты» мемориалдық мұражайын құрды.
– Жинаққа енгізілген өлеңдер әркімге жақын тақырыптарды қозғайды. Бұл – ел тарихы, туған жерге, отбасына деген сүйіспеншілік, достық пен руханият, өмірді түсіну, – дейді «Буковина» бірлестігі басшысының орынбасары Александра Мурзина.
Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Аурика Дьяктың айтуынша, «Деды ветераны – внуки следопыты» жинағы әр ұрпақтың қызығушылығын тудырмақ.
– Людмила Ивановна өте танымал адам. Өзі де ақкөңіл, шуақты адам болса, өлеңдері де сондай шуақты. Бұл жинақты әркім оқуы керек. Себебі, бұл жыр жолдарында жылулық бар, – дейді Аурика Дьяк.
Бірнеше тараудан тұратын жинаққа 50-ден астам өлең мен прозалық толғау енгізілген.
Кітапты румын-молдава мәдени қоғамдығы 200 дана таралыммен шығарды. Оқырмандар жинақты қала кітапханаларынан таба алады.