Павлодарда атақты мектеп директоры атындағы кабинеті ашылды

Павлодарда атақты мектеп директоры атындағы кабинеті ашылды
Фото: №39 мектеп

Ол басшы болуымен қатар, өте ерекше педагог, психолог әрі менеджер болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодардағы №39 мектепте көп жылдар бойы білім ордасын басқарған, француз тілінің білгірі, ұстаз әрі қоғам белсендісі Валентина Михайловнаның атымен шет тілдері кабинеті ашылды.

Валентина Петрова мектеп тарихында өзіндік із қалдырған тұлға болды. Ол тек тәжірибелі педагог емес, қазіргі түсініктегі үлкен әріппен жазылатын менеджер, психолог әрі балалармен тіл табыса білетін басшы еді. Әр оқушымен тікелей сөйлесіп, олардың мінезін, ортасын, мектептегі қарым-қатынасты жақсы түсінді.

Мектептегі тәртіп пен тыныштықты қамтамасыз етуде ол формализмге жол бермеді. Қажет болған жағдайда оқушылар арасындағы бейресми көшбасшылармен де ортақ тіл тауып, олармен ашық диалог жүргізе білді. Оның басты ұстанымдарының бірі – баланы сырттай бақылау емес, оны түсіну және сенімге негізделген қарым-қатынас орнату болатын.

Валентина Михайловнаның басшылығы кезінде мектеп Павлодар қаласы мен облысына білім сапасымен ғана емес, өзінің мықты педагогикалық ұжымы мен адами капиталымен де танылды.

Кабинеттің ашылу рәсіміне педагогикалық еңбек ардагерлері, ұстаздар мен мектеп қауымы қатысты. Олардың бас қосуы ұстаздар сабақтастығы мен мектеп тарихын сақтау дәстүрінің айқын көрінісіне айналды.

Валентина Петрова атындағы кабинет енді оқушылардың шет тілдерін меңгеретін орны ғана емес, ұстаздың еңбегіне деген құрмет пен оның қалыптастырған дәстүрлерінің жалғасы болмақ.