Павлодарда ауданның тауар өндірушілері жиналады

Павлодарда ауданның тауар өндірушілері жиналады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Олар өз өнімдерін арзан бағамен сатады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, Павлодарда 1 қараша күні Торговая көшесі, 2А құрылысы мекенжайында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. 

Жәрмеңкеге Ақтоғай, Железин, Павлодар, Шарбақты аудандарының тауар өндірушілері қатысады.

Сенбі күндері осындай жәрмеңкелер Екібастұз қаласының «Народный» және Ақсу қаласының «Saryarqa» фермерлік базары, сондай-ақ облыстың 10 ауданында ұйымдастырылады.