Павлодарда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Павлодарда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қала тұрғындарына жергілікті өндірушілердің өнімдері ұсынылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, 28 наурыз күні Торговая көшесі, 2А (Космонавтар және Торговая көшелерінің қиылысы) мекенжайында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

Іс-шараға Железин, Тереңкөл, Павлодар, Шарбақты аудандарының және Павлодар қаласының тауар өндірушілері қатысып, өз өнімдерін ұсынады.

Сонымен қатар сенбі күндері мұндай жәрмеңкелер Екібастұз және Ақсу қалаларында, сондай-ақ облыстың 10 ауданында да өткізіледі.