Павлодарда аулаға қоқыс төккен кәсіпкер жазаланды
Серіктестік иесі 103 500 теңгенің айыппұлын арқалады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласы тұрғын-үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі жергілікті полиция қызметі өкілдерімен бірлесіп үй маңындағы аумақты тиісті күтіп-ұстау нысанасына рейд жүргізуде.
- Бүгінгі аралау қорытындысы бойынша «Мастер КВО» ЖШС қызмет көрсету ұйымының ережені бұзғаны анықталды. Серіктестік 30 АЕК (103 500 теңге) мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, «Орбита» ПКСК ескерту жасалды.
Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram