Павлодарда «Autumn Ball – 2026» жастар фестивалі өтеді
Колледж студенттері «Күзгі балдың патшасы мен ханшайымы» атағын сарапқа салады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Жастар бастамаларын дамыту орталығының мәліметінше, «AUTUMN BALL – 2026» жастардың күзгі фестивалі 2026 жылғы 27 қарашада сағат 18:00-де Павлодар қаласындағы Ломов көшесі, 38 мекенжайында орналасқан орталық ғимаратында өтеді.
Іс-шараға Павлодар облысындағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 16 жастан 20 жасқа дейінгі студенттері қатыса алады. Әрбір оқу орнынан бір жігіт пен бір қыздан құралған бір жұп жіберіледі.
– Байқау бағдарламасы үш кезеңнен тұрады: «Күзбен танысу» (жұптық таныстырылым), «Шығармашылық серпіліс» (вокал, би, музыка, театр немесе бейнелеу өнерінен өнер көрсету) және «Интеллектуалдық сын» (зияткерлік-ойын-сауық кезеңі). Қорытындысында жеңімпаз жұпқа «2026 жылғы Күзгі балдың патшасы мен ханшайымы» бас атағы беріледі, – делінген хабарламада.
Ұйымдастырушылар фестивальдің біріншілік эстетикасын сақтау мақсатында қатаң киім үлгісін белгілеген. Аталған дресс-кодқа сәйкес, қыздар тек қою қызыл түсті кешкі көйлек, ал жігіттер классикалық қара костюм киюі тиіс.
Фестивальге қатысуға өтінімдер білім беру мекемелері арқылы WhatsApp мессенджері (+7 705 385 1375) арқылы қабылданады. Өтінімдерді қабылдауға және қатысушылардың іс-әрекетін үйлестіруге креативті жастармен жұмыс жөніндегі инспектор Гүлдана Айтбекова жауапты.