Павлодарда автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті

Павлодарда автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 1 қыркүйек күні Толстой – Академик Марғұлан көшелерінің қиылысында SAZ LE 60 маркалы автокөлік жүргізушісі жаяу жүргіншіге соқтығысты. Жаяу жүргінші жолды жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан кезде жол-көлік оқиғасы орын алған. Салдарынан 1951 жылы туған әйел 1 қалалық ауруханаға жеткізілді. Көлік құралы арнайы айып тұрағына қойылды.