Павлодарда айыппұлы екі миллион теңгеден асып түскен жүргізуші ұсталды
Ол жол ережесін шамамен 30 рет бұзды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Мерседес» маркалы автокөлігінің 42 жастағы жергілікті тұрғыны жол ережесін өрескел бұзушы болып шықты. Оны Назарбаев даңғылында полиция тоқтатты.
– Қысқа мерзім ішінде жүргізуші жол ережесін шамамен 30 рет бұзды. Айыппұлдың жалпы сомасы 2 миллион теңгеден асты. Сонымен қатар, кейбір жағдайларда бұзушы өз көлігін жоғары жылдамдыққа жеткізді. Машинаның өзі Ресейде тіркелген. Көлік мамандандырылған айып тұрағына қойылды,– деді Павлодар облысы полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының бастығы Борис Әлімбаев.
Жүргізушіні барлық айыппұлдарды толығымен төлеуге міндеттеді. Мысалы, қазан айында жүргізуші Омбы тас жолындағы жылдамдық режимін бұзып, елді мекенде сағатына 93 километр жылдамдықпен жүрген, ал ол жерде сағатына 60 километр жылдамдықпен жүру ғана рұқсат етілген.
Полицейлер жазаның бұлтартпастығы қағидатын тағы да еске салып, жол қозғалысына қатысушыларды жол жүру ережесін мүлтіксіз сақтауға шақырды