Павлодарда азаматтарды бірыңғай қабылдау күні өтеді
Төрт басқарманың өкілдеріне сұрақ қоюға болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, 9 қыркүйекте азаматтарды бірыңғай қабылдау күнін ұйымдастыру жоспарланған.
– Өңірдің әрбір тұрғыны өз сұрақтарын қойып, кеңес ала алады, сонымен қатар әлеуметтік және медициналық көмек, жұмысқа орналастыру, білім беру қызметтері және спорт саласында ұсыныстар немесе ескертулер енгізе алады, – делінген хабарламада.
Кеңесті білім беру, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт басқармалары өткізеді.
Павлодарлықтарды сағат 10:00-нан 13:00-ке дейін Астана көшесі, 59 мекенжайында орналасқан әлеуметтік фронт-офис алаңында қабылдайды.