Павлодарда азық-түлік тауарларын сатып алу бойынша конкурс жарияланды
Аталмыш жарысқа ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен дистрибьютерлер қатысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодар әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ өңірлік тұрақтандыру қорына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алуды өткізуге конкурс жариялайды.
Катысу үшін әлеуетті өнім беруші мынадай құжаттарды ұсынуға міндетті:
1) конкурсқа қатысуға өтінім;
2) сатып алынатын тауарға бағалық (коммерциялық) ұсыныс;
3) заңды тұлғаны/дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік не анықтама;
4) егер әлеуетті өнім беруші өндіруші және (немесе) ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші болып табылған жағдайда тауардың шығарылған жерінің қолданыстағы сертификаты және/немесе есептің статистикалық нысаны 29-СХ немесе өткен жылғы А-005 нысаны;
5) егер әлеуетті өнім беруші сиыр еті, тауық жұмыртқасын өндіруші болып табылған жағдайда есептің статистикалық нысаны 24-СХ немесе өткен жылғы А-008 нысаны;
6) жеткізілетін тауарға техникалық ерекшелік;
7) шарттың елеулі талаптарымен келісу.
Әлеуетті өнім беруші тауарды сатып алуға қатысуға өтінімдер 13 желтоқсан күні сағат 18:00-де аяқталады. Сонымен қатар, Луговая көшесі, 16, 6-қабат, 601 кабинетіне үш жұмыс күні ішінде мөрленген конвертте ұсынады. Оның бет жағында әлеуетті өнім берушінің толық атауы мен пошталық мекенжайы, сатып алуды ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, сатып алу атауы көрсетілуі тиіс.
«Тауарды сатып алу» (сатып алу атауын көрсету) мазмұндағы мәтін енгізіледі.