Павлодарда талантты егіздер бас қосты

Павлодарда талантты егіздер бас қосты
Фото: Константин Шелков

Шараның шымылдығын М.Катаев атындағы оқушылар сарайының 100 оқушысы «Балдәурен» әнімен ашты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Мереке Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов қатысып, шара соңында егіздермен фотоға түсті.

– Біздің жасымыз сегізде. Екінші сыныпты бітірдік. Бүгінгі таңда Қ.Бекхожин жалпы орта білім беру мектебінде білім аламыз. Бүгін ұлттық киімдермен дефиле көрсеттік, – дейді егіздер Алихан мен Әділхан.

Қаланың 4-16 жас аралығындағы талантты егіздерден құрылған 50 жұп шерумен жүріп өтіп, ұлттық киімде дефиле көрсетті. Олардың бірі ән айтса, енді бірі билейді. Тіпті, спорттық жарыстарда топ жарып жүрген егіздер бар. 

–  Шараның мақсаты – отбасылық құндылықтарды сақтау, ана-анамен баланың арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Барлық балаларға қатысқаны үшін сертификаттар табысталады, – дейді  М.Катаев атындағы оқушылар сарайының әдіскері Әсем Айыпова.

Еске сала кетейік, өткен жылы облыста 90 егіз және 4 үшем дүниеге келген.