Павлодарда бірнеше спорт түрімен айналысуға болатын мұз сарайы салынады
Бұндай мұз сарайын Екібастұзда да салу қарастырылуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, облыс орталығында хоккей, шорт-трек және конькимен жүгіру спортымен айналысуға арналған 20 мың шаршы метрлік мұз сарайы жақын арада мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобасын іске асырудың арқасында пайда болуы мүмкін.
Екібастұзда да 7500 шаршы метр мұз сарайын салу үшін осындай жобаны іске асыру қарастырылуда.
- Облыс әкімі Асайын Байханов «Medeo invest» ЖШС өкілі Сергей Цыбенкомен кездесті. Кездесуде тараптар болашақ мұз ареналарының тұжырымдамасын және осы жобаларды іске асыру жөніндегі іс-қимылдарды талқылады, - деді баспасөз қызметінде.
Асайын Байханов болашақ құрылыс үшін жер учаскелерін анықтау, инженерлік коммуникацияларды жүргізу, МЖӘ жобаларының тетіктерін пысықтауды және олардың шешімін 15 сәуірге дейін ұсынуды тапсырды.
Фото: Валерий Бугаев