Павлодарда баланы Lexus көлігі қағып кетті

Павлодарда баланы Lexus көлігі қағып кетті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Соқтығысу фактісі бойынша полиция тексеріс жүргізуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Анықталғандай, 5 қыркүйек күні Lexus GX 470 маркалы көлікті басқарған жүргізуші Академик Сәтпаев көшесімен қозғалу барысында реттелмейтін жаяу жүргінші өткелінен жүгіріп өткен кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

– Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған бала тексеру үшін ауруханаға жеткізілді. Көлік құралы айып тұрағына қойылды, – деп хабарлайды облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінде.

Ведомство осындай оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін қатаң сақтаудың, әсіресе қозғалысы қарқынды учаскелерде, және көлік құралдарының техникалық жағдайын қадағалаудың маңыздылығын еске салады.