Павлодарда балақайлар фотобайқауының жеңімпаздары анықталды

Павлодарда балақайлар фотобайқауының жеңімпаздары анықталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Байқауға қатысушылар Instagram желісіндегі лайк саны бойынша бағаланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Шараны қалалық ішкі саясат бөлімі ұйымдастырды.

Қала тұрғындары «Smile good» Instagram фотобайқауына қатысуға 304 өтінім берген. Олардың арасынан қазылар алқасы ең көп лайк жинаған он қатысушының фотосуреттерін таңдады.

– Қазылар алқасы жасанды лайк болмағанын тексере отырып, қатысушыларға объективті баға берді. Сайысқа қатысқан ата-аналарға алғысымызды білдіреміз. Біз сіздердің белсенділіктеріңіз бен қызығушылықтарыңызды жоғары бағалаймыз, – деді ұйымдастырушылар.

«Smile good» фотобайқауының жеңімпаздары: Кәрім (1,2 жас, @family_studio_pvl), Аяла (2,6 жас, @ba1gerei), Алан (3 жас, @binura.zhi). 

Байқау жеңімпаздары ақшалай сыйлықтарға ие болды.