Павлодарда балықшыға айыппұл салынды

Ол балық аулау ережелерін бұзған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, көктемнің басталуымен су объектілеріндегі ережелерді бұзатын адамдар кездеседі. Сондықтан табиғи ресурстарды сақтау, уылдырық шашу кезінде балықты қорғау және су айдындарында қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін үнемі рейдтер жүргізіледі.
– Рейдтік іс-шаралар барысында табиғат қорғау полициясы балық аулау ережелерін бұзғаны үшін 383-баптың 1-бөліміне сәйкес бір адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты, – дейді департаментте.
Аталған іс-шараларды Павлодар облысы бойынша балық инспекциясы және Павлодар ауданының табиғат қорғау полициясы бөлімі бірлесіп өткізген.
Сондай-ақ, құрғақ шөпті жағу фактілерін болдырмау, өрттің алдын алу мақсатында Ертіс жайылмасы, дала учаскелерінде де рейдтер ұйымдастырылады.