Павлодарда бас сахнаның техникалық мүмкіндіктері кеңейтіледі

Павлодарда бас сахнаның техникалық мүмкіндіктері кеңейтіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Облыс орталығында «Ertis Promenade» маусымның жабылуына дайындық қызу жүріп жатыр,  деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бас сахнадағы дайындық барысымен Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков танысты. Шаһар басшысының айтуынша, сахнаның жоғарғы бөлігіне қосымша дыбыс жабдығын орнатып, дыбысты күшейту көзделген. 

- «Ertis Promenade» Павлодардың көрікті орындарының біріне айналды. Мұнда отбасымен демалатындар көп. Қала қонақтары да Қазақстанның әр өңірінен және жақын шетелден арнайы келеді, - деді қала әкімі.

Хасар Хабылбеков көрермендерге сахнадағы бағдарламаны алыстан жақсы көруге мүмкіндік беру үшін жоғарғы ярустағы LED-экрандардың саны көбейтілгенін атап өтті. Қазір бұл жерде екі LED-экран орнатылған, оған тағы екі экран қосу жоспарланып отыр.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл өзгерістер сахнаның қамту ауқымын кеңейтіп, көрермендердің концерттік бағдарламаны толыққанды тамашалауына мүмкіндік береді.

Маусымның жабылу кешінде барабандардың қатысуымен арнайы интро, жаңа жарық шоуы ұйымдастырылып, кеш сегіз минуттық отшашумен аяқталады. 

Еске сала кетейік, 26 қыркүйек күні 19:00-де өтетін маусымның жабылуына Мирас Жүгінісов пен ALPHA , DARICORN және Rahman Sati келеді деп жоспарлануда.