Кеншілер күні: Екібастұзға қазақ эстардасының жұлдыздары келеді

Кеншілер күні: Екібастұзға қазақ эстардасының жұлдыздары келеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Шара 29 тамызға жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекиннің айтуынша, осы жаздың соңғы сенбісінде Кеншілер күні аталып өтіледі. Кәсіби мерекеге орай қала тұрғындары мен қонақтарына арнап ауқымды мерекелік концерт ұйымдастырылады.

– Кеншілер күні – тарихы мен дамуы кен өндірісімен тығыз байланысты Екібастұз үшін айрықша мереке. Бұл күн шахтерлердің еңбегін, кәсібіне адалдығы мен қаланың өркендеуіне қосқан үлесін атап өтуге арналған, - деді шаһар басшысы.

Мерекелік концертке қазақстандық және шетелдік эстрада жұлдыздары қатысады. Сахнада Досымжан Танатаров, RaiM, Lukaveros, Sevak, Aura Dione және Eva Simons өнер көрсетеді.

Богатырь Көмір», «Ангренсор Энерго», «Дивизион Уголь» ЖШС-нің демеушілігімен өтетін мерекелік кештің соңы отшашуға ұласпақ.

Концерт 29 тамыз күні, «Өнер» ҚМС алдындағы алаңда сағат 19:00-де басталады.