Павлодарда басқа көлікке зақым келтірген жүргізушінің қылығы сотта қаралды

Ол жол жүру ережесін бұзып, қызыл белгісін елемей, көлікпен соқтығысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар қалалық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты екі көліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.
Ағымдағы жылы ақпанда Павлодар қаласында «CHEVROLET ONIX» маркалы автокөлігінің жүргізушісі Естай көшесінің бойымен Ак. Сәтбаев көшесімен реттелетін жол қиылысында бағдаршамның тыйым салынған қызыл белгісіне мән бермей, бағдаршамның жүруге рұқсат етілген жасыл белгісіне келе жатқан «LEXUS ES 250» көлігімен соқтығысқа жол берді.
Апат салдарынан екі көлік те механикалық зақым алған. Материалдық шығын келтірілді.
Сотпен әйел ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасап, Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы No 534 бұйрығымен бекітілген Жол жүрісі ережесінің 5-тарауының 24-тармағының 5-тармақшасын бұзғаны анықталды.
Істі қарау қорытындысы бойынша сот әйелді кінәлі деп танып, оған 55 048 теңге айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындады.
Қаулы заңды күшіне енді.