Павлодарда вандалдар мәңгілік алаудың құрылымын бұзды
Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысты тергеуді бастады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Вандалдар Даңқ мемориалындағы жұлдызды сындырған. Бұл туралы қала әкімдігінде мәлімдеді.
– Павлодар қаласының әкімдігі Даңқ мемориалындағы оқиғаны өрескел қателік деп санайды. Құқық қорғау органдары бұл оқиғаға қатысы бар адамдарды анықтау жұмыстарын жүргізуде. Кінәлілер Қазақстан Республикасының заңнамасы аясында жазаланатын болады. Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға қатысты естелік барлық павлодарлықтар мен қазақстандықтар үшін қасиетті, – деп түсіндірді баспасөз қызметі.
Мәңгілік алаудың құрылымын қалпына келтіру жұмыстарына әкімдіктің тиісті қызметтері кірісті.
Павлодар полициясы вандализм фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Құқыққа қайшы іс-әрекет жасау мән-жайлары анықталуда. Осы фактіге қатысы бар адамдарды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram