Павлодарда бес қабатты үйдің деңгейіне көтерілген жерасты субұрқағы атқылады

Павлодарда бес қабатты үйдің деңгейіне көтерілген жерасты субұрқағы атқылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бригадалар ақауды жойып жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Коммуналдық апат Дүйсенов көшесі, 12 мекенжайында орын алды. Жер астынан атқылап шыққан су бес қабатты үйдің биіктігіне жетті.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, судың температурасы 45 градустан аспайды. Ақау шыққан желіні жөндеуге алды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ЯБЛОЧКО ПАВЛОДАР (@yablochko_pv)

Еске сала кетейік, 5-11 тамыз аралығында «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ 2-ЖЭО, 3-ЖЭО-дан қуат алатын жылу желілерінің беріктігі мен тығыздығына гидравликалық сынақтар жүргізіледі.